Тараз қаласының Әділет департаментінің басшысы, Қазақстанның заңгерлер одағының Жамбыл облысы филиалының хатшысы — Гүлнар Жалаловна Кушекова өмірден озды.

?????????????????????????????????????????????????????????

Тараз қаласының Әділет департаментінің басшысы, Қазақстанның заңгерлер одағының Жамбыл облысы филиалының хатшысы — Гүлнар Жалаловна Кушекова өмірден озды.

Гульнара Жалаловна Кушекова, 1964 жылы Алматы облысында туылған, жоғары білімді, француз-неміс тілдері,  1987 жылы Алматы шетел тілдері педагогикалық институтын және 1999 жылы жеке меншік білім мекемесі «Әділет» Жоғары құқық мектебін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Гульнара Жалаловна Кушекова, Әділет департаментіндегі еңбек жолын 1998 жылдың сәуір  айынан бастаған.

1998 жылдың сәуір айынан 2002 жылдың ақпан айына дейін Жамбыл облысы Әділет департаменті Тараз қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жетекші маманы болып қызметін атқарған.

2002 жылдың ақпан  айынан 2005 жылдың мамыр айына дейін Жамбыл облысы Әділет департаменті Тараз қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы болып қызметін атқарған.

2005 жылдың мамыр айынан 2010 жылдың қазан айына дейін Жамбыл облысы Әділет департаменті Тараз қалалық Әділет басқармасының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы болып қызметін атқарған.

2010 жылдың 26 қазанынан 2010 жылдың 29 қазанына дейін Жамбыл облысы Әділет департаментінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы болып  қызметін атқарған.

2010 жылдың қазан айынан 2011 жылдың қараша айына дейін Жамбыл облысы Әділет департаментінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бастығы болып  қызметін атқарған.

2011 жылдың қараша айынан осы күнге дейін Тараз қалалық Әділет басқармасының басшысы болып қызметін атқарды.

Гульнара Жалаловна  2012 жылы «Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісі және 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальмен марапаталған.

Гульнара Жалаловна  өзін  жақсы жағынан көрсете білді.   Ұйымдастырушылық қабілеті мол, өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Сауатты, өзіне тапсырылған міндеттерді орындау барысында принципті, талап қоя білді.

Мезгілсіз қаза тапқан басқарма басшысының жақындары мен тусытарына көңіл айтамыз.