«Қазақстан Заңгерлер Одағы» РҚБ-нің Жетісу облысы филиалының төрағасы Кудайбергенов Н.М. «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» акциясы аясында қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген Талдықорған қаласының тағы бір тұрғыны Нұрбекова Ғ. алимент өндіру ісі бойынша сот орындаушыларының немқұрайлы қарауына шағымданды.

Заңгер ретінде Нурбек Маликович өз тарапынан іспен толықтай танысып, сот орындаушыдан алимент өндіру ісін алдырту керек екендігін түсіндіріп, сол іспен танысқаннан кейін әрі қарай мәселені шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.

***

Председатель Жетысуского областного филиала РОО «Казахстанский Союз Юристов» Кудайбергенов Н.М. провел прием в общественной приемной партии «AMANAT» в рамках акции «Құқықтық көмек».

Прибывшая на прием жительница города Талдыкорган Нұрбекова Ғ. обратилась с жалобой на халатность судебных исполнителей по делу о взыскании алиментов.

Нурбек Маликович, со своей стороны, полностью ознакомился с делом, пояснил, что для начала с судебного исполнителя необходимо потребовать постановление о возбуждении исполнительного производства о взыскании алиментов, после чего он рассмотрит пути дальнейшего решения данного вопроса.

«Қазақстан Заңгерлер Одағы» РҚБ Төрағасының орынбасары Абдыкарым Акжанов Atameken Business News телеканалының TUSKI FORMAT бағдарламасына қатысып, «Костенко шахтасына келетін жаңа басшылыққа қандай талап қою керек?» — деген сұрақтарға жауап берді.

Абдыкарым Арынович: «Барлық 8 шахтаны жауып, Совет кезеңінің ескірген технологиялары мен механизмдерін ауыстырмаса, осындай апаттар қайталана береді. Бүгін-ертен іс жабылады, 2-3 инженер сотталады, олардың қолынан не келеді? Ең алдымен, АрселорМитталдың Лондондағы, Люксембургтегі басшыларын жауапқа тарту керек!» — деп ойымен бөлісті.

Толық шығарылым сілтеме бойынша: https://www.youtube.com/live/1bHJShBGY1s?si=I59bE5QG6DhhyTQd

«Қазақстан Заңгерлер Одағы» РҚБ-нің Төрағасы Ақылбай С.Б. «Jibek Joly» телеарнасындағы JJ TALK бағдарламасына «Шахтадағы жарылыс: өндірістегі қауіпсіздікке кім жауапты?» тақырыбында қатысты.

Толық шығарылым сілтеме бойынша: https://youtu.be/h7QoLqnzDbs?si=Jw31KMBudNrAMjbC

«Қазақстан Заңгерлер Одағы» РҚБ-нің Төрағасы және «Qaraqar» қоғамдық қорының Басшысы Ақылбай С.Б. «Jibek Joly» телеарнасына Қарағанды көмір бассейндерінің апатты жағдайы туралы сұхбат берді.

«Арселордың шынайы мақсаты айқын: ол өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын елемеу арқылы максималды пайда көруден тұрады. Кеңестік кезеңдегі моральдық және физикалық тұрғыда ескірген техника мен құрал-жабдықтар жаңартылмаған, тек жөнделіп отырылған. Жабдық сатып алынған күннің өзінде арзан, әрі сапасыз жабдық алынған, соның салдарынан апаттық жағдайлар орын алуда», — дейді Серік Байсеитұлы.

Республикалық Заң Консультанттары алқасының ұжымы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасылары мен туғандарына көңіл білдіреді.

Толық шығарылым сілтеме бойынша: https://youtu.be/4th_u29_1jM?si=oB-CisQ4bvu1fsb8

«Қазақстан Заңгерлер Одағы» РҚБ-нің төрағасы және ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі Ақылбай Серік Байсеитұлы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында сараптамалық дөңгелек үстелге спикер ретінде қатысты.

«Темекі шегумен күресу бойынша ерікті шаралар тиімді емес, сондықтан тиісті заңнамалық немесе әкімшілік шараларды қабылдау қажет. Темекі шегуге ішінара тыйым салу адамдарды темекі шегудің зиянды әсерінен қорғамайды», – дейді сарапшылар.

Сараптамалық дөңгелек үстелдің толық шығарылымы сілтеме бойынша: https://youtu.be/jA8UD4fIx-c?si=ZCK3VLmetj3KqHTh

«Соңғы уақытта дәрігерлерге қоқан-лоқы жасап, жұдырық ала жүгіретіндер көбейді. Ақ халатты абзал жан деп әспеттейтінізбен, қоғамның дәрігерлерге деген құрметі төмендеу болып тұр. Медицина қызметкерлерінің мәртебесі заңмен қорғалу керек дегенді Президент те айтқан еді. Ендеше ұлт саулығы жолында күрескен ақ халаттылардың мәртебесі қандай, олардың құқығы қалай қорғалады?»

Осы тақырыпта «Қазақстан Заңгерлер Одағы» РҚБ-нің Астана қаласы филиалының төрағасы Джалгасов Бекнур Турсынбаевич 11 қазан күні Хабар телеарнасындағы «Біздің мақсат» ток-шоуына қатысты.

Сілтеме: https://youtu.be/zG-sqv9Si5Y?si=qvsl6ZYxhgDyCk_W

Республиканское общественное объединение
«Казахстанский союз юристов»

Республиканское общественное объединение «Казахстанский союз юристов» было создано при поддержке Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева в мае 2012 года на учредительном съезде юристов. В состав его учредителей вошли: Республиканская нотариальная палата, Казахстанская ассоциация прокуроров, Коллегия адвокатов, Союз судей РК.

В настоящее время Казахстанский союз юристов, являясь одним из республиканских общественных объединений, имеет зарегистрированные в органах юстиции филиалы во всех областных центрах и городах Астаны и Алматы. Для организации работы в филиалах на учредительных конференциях избираются председатель, секретарь и члены Совета. Следует отметить представительный состав Совета филиала, куда входят сотрудники прокуратуры, судейского сообщества, председатели президиума коллегии адвокатов, председатели нотариальных палат, ученые-юристы, руководители государственно-правовых либо юридических отделов акимата.

В целях укрепления связи центра с регионами и активизации работы на местах, на базе крупных предприятий и учреждений, а также в районных центрах созданы юридические активы, которые по своей сути являются вспомогательными структурными подразделениями, реализующими задачи Союза на местах.