«ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚАПАЛ АУЫЛЫНДА МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Қабылдауға Қапал ауылы және жақын маңдағы ауылдық округтердің тұрғындары келіп, өздерін толғандырып жүрген өзекті мәселелер жайлы айтып, өтініш-тілектерін жеткізді. Қабылдауда көтерілген сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үй, жер, тұрақты жұмысқа қатысты.

Қапал ауылының тұрғыны Дина Дүйсенбаева 2020 жылдан бері үй кезегінде тұрғанын және кезектің жылжымай жатқанын жеткізсе, Қарлығаш Болатова өзінің атында 10 соттық жер барын мәлімдеп, үй кезегіне көп балалы ана ретінде тұру мүмкіндіктерін сұрады.

«Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ-нің Жетісу облысы филиалының төрағасы Кудайбергенов Нурбек Маликович, өз тарапынан, ауыл жұртшылығымен кездесу қорытындысы бойынша жауапты мамандарға тапсырмалар мен тиісті ұсыныстар беріп, аталған мәселелердің оң шешілуін бақылауда ұстауға уәде берді.