«Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ-нің Атырау облыстық филиалы төрағасы Н. Мубарак пен төраға орынбасары З. Кузденгалиева бала құқықтары, әлеуметтік мәселелер, тұрғын-үй қатынастарымен байланысты сұрақтарға жауап берді

2024 жылғы 27 ақпанда Атырау облысы Әкімдігінің мүгедектігі бар балалар жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Г. Хусайнованың бастамасымен «Абай» орталығында ерекше балалар тәрбиелеп отырған балалардың ата-аналарымен кездесу ұйымдастырылып, кездесуге «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ-нің Атырау облыстық филиалы төрағасы Н. Мубарак пен төраға орынбасары З. Кузденгалиева қатысып, бала құқықтары, әлеуметтік мәселелер бойынша, тұрғын-үй қатынастарымен байланысты және т.б. көптеген сұрақтарға толыққанды жауап берді.