«Қазақстан Заңгерлер Одағы» РҚБ-нің Атырау облыстық филиалының төрағасы Н.А. Мубарак «Аманат» партиясының орталық аппаратының және «Аманат» партиясының Атырау облыстық филиалының өкілдерімен бірге қоғамдық қабылдау өткізді

2023 жылғы 9 қазанда «Қазақстан Заңгерлер Одағы» РҚБ-нің Атырау облыстық филиалының төрағасы Н.А. Мубарак «Аманат» партиясының орталық аппаратының және «Аманат» партиясының Атырау облыстық филиалының өкілдерімен бірге Атырау облысының Жылыой ауданына қарасты Жаңа Қаратон және Тұрғызба елді-мекендеріне барып, «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың сұрақтарына толыққанды және жан-жақты жауап берді.