2022 жылғы 22 қазанда сағат 11:00-де Тұран университетінде үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, студенттер, магистранттар, докторанттар және профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өтті.

Кездесу тақырыбы: «ҚР сайлау процесінің заманауи шындықтары және ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру».

Кездесудің модераторы «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ. к., доцент Оспанова Жәмиля болды.

Кездесу барысында профессор, «Адал сайлау үшін» штабының мүшесі Абдрасулов Ермек сайлау процесі мен құқықтың өзекті мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

          Штаб мүшесі, Қазақстан заңгерлер одағы Астана филиалының төрағасы Серік Беркамалов заңда көзделген азаматтардың сайлау бостандығын қамтамасыз ету кепілдіктері туралы айтып берді.

ҚР Президенттігіне кандидаттардың және олардың сенім білдірілген адамдарының үгіт жүргізу ережелері, кандидаттардың БАҚ-тағы жарияланымдар мен эфирлерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету тәсілдері аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды.

          Қатысушылар сайлау заңнамасын уақтылы түсіндірудің маңыздылығын атап өтіп, университет қабырғасында өткізілген ауқымды іс-шараға қолдау білдіріп, алғыстарын білдірді.

          Бұған дейін хабарланғандай, ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде еліміздің заңгерлер қауымдастығын шоғырландыру мақсатында «Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің базасында «Адал сайлау үшін» штабы құрылған болатын.

Мақсаты – конституциялық реформа ережелерін жария өрісте заң қоғамдастығының құқықтық сүйемелдеуі, сайлау заңнамасының негізгі ережелерін түсіндіру, сайлау процесіне қатысушыларға құқықтық көмек көрсету, азаматтық қоғам, халықаралық ұйымдар өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау.

22 октября 2022 года в 11:00 в университете Туран состоялась встреча с представителями неправительственных организаций, студентами, магистрантами, докторантами и профессорско-преподавательским составом.

Тема встречи: «Современные реалии избирательного процесса РК и разъяснение изменений и дополнений в Конституцию РК».

          Модератором встречи выступила заведующая кафедрой «Юриспруденция и международное право», к.ю.н., доцент Оспанова Джамиля.

В ходе встречи профессор, член штаба «За честные выборы» Абдрасулов  Eрмек ​​подробно остановился на актуальных вопросах избирательного процесса и права.

          Член штаба, председатель Астанинского филиала Казахстанского союза юристов Серик Беркамалов рассказал о предусмотренных законом гарантиях обеспечения свободы выборов.

Большой интерес аудитории вызвали правила проведения агитации кандидатами в Президенты РК и их доверенными лицами, способам обеспечения равного доступа кандидатов к публикациям и эфирам в СМИ.

          Участники отметили важность своевременного разъяснения выборного законодательства, выразили поддержку и благодарность за масштабное мероприятие, проведенное в стенах университета.

Как ранее сообщалось 27 сентября т.г. в целях консолидации сообщества юристов страны на базе Республиканского общественного объединения «Казахстанский союз юристов» создался Штаб «За честные выборы».

Цель — правовое сопровождение юридическим сообществом в публичном поле положений конституционной реформы,  разъяснение основных положений выборного законодательства,        оказание правовой помощи участникам выборного процесса, взаимодействие с представителями гражданского общества, международных организации.