«Адал сайлау үшін» республикалық қоғамдық штабының төрағасы Серік Ақылбай Ұлытау облысында медицина мамандарымен және Жезқазған кен байыту фабрикасының ұжымымен кездесті.

«Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы, «Адал сайлау үшін» штабының басшысы Серік Ақылбай еліміздегі саяси реформалардың барысын, сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында Ұлытау облысына барды.

Алғашқы кездесу «Жезқазған» медициналық орталығында өтті. Медициналық орталық ұжымының қонағын облыс әкімінің орынбасары Г. Құсманғали таныстырды.

Заңгерлер одағының төрағасы жиналғандарға елімізде жүргізіліп жатқан саяси жаңғыру, мемлекеттік жүйені жетілдіруге бағытталған реформалар туралы баяндады. Кездесуде еліміздің «Сайлау туралы» Конституциялық заңына енгізілген өзгерістердің нақты мысалдары, сайлау бюллетеніне «барлығына қарсы» бағанының енгізілуі айтылды.

Ол сондай-ақ алдағы президенттік сайлаудың қоғамды одан әрі демократияландыру, бұрын қабылданған бастамалардың оң жалғасы үшін маңыздылығын атап өтті және жұртшылықты еліміздің өміріндегі маңызды саяси оқиғаға белсенді қатысуға шақырды.

Председатель РОО «Союз юристов Казахстана», руководитель штаба «За честные выборы»  Серік Ақылбай посетил область Ұлытау с целью разъяснения хода политических реформ в стране, изменений в избирательное законодательство.

Первая встреча прошла в медицинском центре «Жезказган». Гостя коллективу медицинского центра представил заместитель акима области Ғ.Құсманғали.

Председатель Союза юристов доложил собравшимся о проводимой в стране политической модернизации, реформах, направленных на совершенствование государственной системы.  На встрече прозвучали конкретные примеры изменений в Конституционный закон страны «О выборах», введение в избирательный бюллетень столбца «против всех».

Он также подчеркнул важность предстоящих президентских выборов для дальнейшей демократизации общества, позитивного продолжения ранее предпринятых инициатив и призвал общественность принять активное участие в важном политическом событии в жизни нашей страны.