«Адал сайлау үшін» штабы мүшелерінің брифингі өтті

Ағымдағы жылдың 3 наурызында БАҚ үшін «Адал сайлау үшін» штабы мүшелерінің брифингі өтті.

Спикер Жанар Бұқанова сайлау заңнамасына сәйкес сайлаушылар тізімін азаматтардың тұрғылықты жері бойынша әкімдіктер жасайтынын және сайлау комиссияларына жіберілетінін айтты.

Әкімдіктер барлық деректерді жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы негізінде қалыптастыратынын атап өткен жөн.

Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес сайлау құқығын іске асыру және азаматты сайлаушылар тізіміне енгізу мақсатында тұрғылықты жері, ғимараты немесе үй-жайы меншік иесінің өтініші негізінде тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған адамдарды сайлау күні сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша ғимаратта немесе үй-жайда тіркеуге жол беріледі.

Спикер Думан Жампейісов сайлаушылар тізіміне белсенді сайлау құқығы бар азаматтар енгізілетінін атап өтті. Дауыс беруден 15 күн бұрын азаматтарға тізімдермен танысуға және өз деректерінің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік беріледі.

Сонымен қатар, спикер Астана және Алматы қалалары бойынша Өзін-өзі ұсынған кандидаттар арасында қолданыстағы заңнаманы бұзу жағдайлары жиі кездесетінін атап өтті. Мәселен, ӘҚБтК-нің 104-бабына сәйкес сайлау қорытындыларына ықпал ету мақсатында жалған немесе ар-намысқа нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату құқық бұзушылық болып табылады және әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. Сот үгіт талаптарын бұзды деп тану негізінде сайлау комиссиясы кандидатты тіркеудің күшін жоюға құқылы.

Кандидаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтауға тағы да шақырамыз.

***

3 марта т.г. состоялся брифинг членов штаба «За честные выборы» для СМИ.

Спикер Жанар Буканова рассказала, что согласно выборному законодательству, списки избирателей составляются акиматами на местах по месту жительства граждан и направляются в избирательные комиссии.

Следует отметить, что акиматы все данные формируют на основании государственной базы данных физических лиц.

Кроме того в целях реализации избирательного права и включения гражданина в список избирателей согласно Конституционному закону Республики Казахстан «О выборах в Республике Казахстан» регистрация лиц, снятых с регистрации по месту жительства на основании заявления собственника жилища, здания или помещения, в день выборов допускается в здании или помещении по адресу избирательного участка

Спикер Думан Жампеисов отметил, что в списках избирателей включаются граждане, обладающие активным избирательным правом. За 15 дней до голосования гражданам предоставляется возможность ознакомиться со списками и проверить правильность своих данных.

Вместе с тем спикер подчеркнул, что нередки случаи нарушения действующего законодательства среди кандидатов самовыдвиженцев по гг. Астана и Алматы. Так, согласно ст. 104 КоАП распространение ложных или порочащих честь сведений с целью влияния на итоги выборов является правонарушением и влечет административную ответственность. На основании признания судом нарушения требований агитации избирательная комиссия вправе отменить проведенную регистрацию кандидата.

Еще раз призываем кандидатов неукоснительно соблюдать требования законодательства Республики Казахстан.

https://www.facebook.com/groups/960970831350992/permalink/1337125393735532/

https://el.kz/4-nauryzdan-bastap-saylaushylar-ozinin-tizimde-bar-zhogyn-teksere-alady_66656/

https://baq.kz/astanada-adal-saylau-ushin-shtabynyn-kezekti-otyrysy-otti-298721/

https://baigenews.kz/izbirateli-mogut-propisatsya-na-uchastke-v-den-vyborov_148489/

https://24.kz/ru/news/social/item/589444-s-4-marta-kazakhstantsy-mogut-proverit-sebya-v-spiskakh-izbiratelej