БАҚ үшін «Адал сайлау үшін» штабы мүшелерінің брифингі өтті

Ағымдағы жылдың 14 наурызында БАҚ үшін «Адал сайлау үшін» штабы мүшелерінің брифингі өтті.

Спикер Жанар Бұқанова сайлау бюллетеньдерін дайындау, сақтау және оларға кандидаттар мен партияларды қосу тәртібі туралы айтып берді.

Осылайша, сайлау бюллетеньдері мемлекеттік және орыс тілдерінде басылады, сайлаушылар санына тең мөлшерде дайындалады, учаскелік сайлау комиссияларына сайлауға дейін кемінде үш күн бұрын және бір күннен кешіктірілмей жеткізіледі. Сайлау бюллетеньдері орналасқан үй-жай мөрленеді және ішкі істер органдарына күзетке тапсырылады.

Бұдан басқа, сайлау бюллетеніне тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетілген барлық тіркелген кандидаттар мемлекеттік тілдің алфавиттік тәртібімен және «барлығына қарсы»жолы енгізіледі. Саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетеніне жеребе арқылы айқындалған тәртіппен саяси партиялардың атаулары және «барлығына қарсы»деген жол енгізіледі.

Думан Жампейісов кандидатура алынған, кандидатты ұсыну, кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу туралы шешімдердің күші жойылған жағдайларда сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу бойынша ОСК өкілеттіктері туралы хабардар етті.

Сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер дауыс беру күнінен кешіктірілмей енгізіледі. Сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу туралы шешім жоғары тұрған сайлау комиссиясына жіберіледі.

Әбдікәрім Ақжанов сайлау комиссиясы мүшесінің азаматтарға басқа адамдарға дауыс беру мүмкіндігін беру мақсатында сайлау бюллетеньдерін бергені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін (ҚР ӘҚБтК 110-бабы) және жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын атап өтті.

Бұдан басқа, сайлау құжаттарын немесе референдум құжаттарын бұрмалау, бюллетеньдерге жалған жазбалар енгізу, дауыстарды көрінеу дұрыс есептемеу не сайлау нәтижелерін көрінеу дұрыс белгілемеу не дауыс беру құпиясын бұзу, егер бұл әрекеттерді депутаттыққа кандидаттың сенім білдірілген адамы, сол сияқты сайлау комиссиясының мүшесі жасаса, – төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға (13 млн 800 мың теңгеге дейін) не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен үш жылға дейінгі мерзімге айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз жазаланады (ҚР ҚК 151-бабы).

Брифинг соңында қатысушылар БАҚ сұрақтарына жауап берді.

14 марта т.г. состоялся брифинг членов штаба «За честные выборы» для СМИ.

Спикер Жанар Буканова рассказала о порядке изготовления избирательных бюллетеней, включения в них кандидатов и партий, их хранении.

Так, избирательные бюллетени печатаются на государственном и русском языках, изготавливаются в равном количестве числу избирателей, доставляются участковым избирательным комиссиям не ранее чем за три дня и не позднее чем за один день до выборов. Помещение, в котором находятся избирательные бюллетени, опечатывается и сдается под охрану органам внутренних дел.

Кроме этого, в избирательный бюллетень включаются все зарегистрированные кандидаты с указанием фамилии, имени, отчества (если оно указано в документе, удостоверяющем личность) в алфавитном порядке государственного языка и строка «Против всех». В избирательный бюллетень для голосования за политические партии включаются наименования политических партий в порядке, определенном жеребьевкой, и строка «Против всех».

Думан Жампеисов проинформировал о полномочиях ЦИК по внесению изменений в избирательные бюллетени в случаях снятия кандидатуры, отмены решений: о выдвижении кандидатом, о регистрации кандидатов, партийных списков.

Изменения в избирательные бюллетени вносятся не позднее дня голосования. Решение о внесении изменений в избирательные бюллетени направляется в вышестоящую избирательную комиссию.

Абдыкарым Акжанов отметил, что за выдачу членом избирательной комиссии гражданам избирательных бюллетеней в целях предоставления им возможности голосования за других лиц предусмотрена административная ответственность  (ст. 110 КоАП РК) и влечет штраф в размере двадцати пяти месячных расчетных показателей.

Кроме того, фальсификация избирательных документов или документов референдума, внесение фиктивных записей в бюллетени, заведомо неправильный подсчет голосов либо заведомо неправильное установление результатов выборов, либо нарушение тайны голосования, если эти деяния совершены доверенным лицом кандидата в депутаты, а равно членом избирательной комиссии, – наказываются штрафом в размере до четырех тысяч месячных расчетных показателей  (до 13 млн 800 тыс.тг) либо исправительными работами в том же размере, либо ограничением свободы на срок до четырех лет, либо лишением свободы на тот же срок, с лишением права занимать определенные должности или заниматься определенной деятельностью на срок до трех лет или без такового (ст.151 УК РК).

По окончании участники брифинга ответили на вопросы СМИ.

https://www.facebook.com/groups/960970831350992/permalink/1343271916454213/

https://el.kz/aldagy-saylauda-12-mln-nan-asa-azamat-dauys-beredi_67779/

https://baq.kz/saylau-byulletenderinin-birneshe-tusi-bolady-299540/

https://qazaqstan.tv/news/172923/

https://www.youtube.com/watch?v=W0D3hqJvt0Ahttps://inbusiness.kz/kz/last/astana-men-almaty-sajlaushylaryna-tort-turli-byulleten-beriledi

https://inbusiness.kz/kz/last/astana-men-almaty-sajlaushylaryna-tort-turli-byulleten-beriledi