Жамбыл облысында атқарылған іс шаралар туралы ақпарат

2018 жылдың 12 маусымында Тараз қалалық Әділет басқармасы 2017-2022 жылдар кезеңіне арналған құқықтық сауаттандыру саласын жетілдіру бойынша тұжырымдаманы іске асыру мақсатында, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының №1 халыққа қызмет көрсету филиалында, «Қазақстан заңгерлерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының мүшелері, жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлер, прокурор, адвокаттар, нотариустер, жеке сот орындаушылардың, Жамбыл облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының менеджерлерінің қатысуымен кеңес алаңын ұйымдастырып, азаматтарға құқықтық көмек көрсетті.

taraz-aktsiya-11-07-18

Тегін кеңес алаңына келген азаматтар түрлі мәселелер бойынша, атап айтқанда, жұмысқа орналасу, жоғалған құжаттарды ретке келтіру, кепілдік шартын тіркеу, мұрагерлікті қабылдау, алименттік атқару өндірісі жайында тағы да басқа көптеген сұрақтарға жауп алды.

Диалог алаңдары азаматтардың шағымдарын алуымен бірге олардың құқықтық сауаттылығын көтеруге ықпал етеді.

2018 жылдың 19  маусымында Сарысу аудандық  Әділет басқармасы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында  аудан тұрғындарына 2017-2022 жылдар кезеңіне арналған құқықтық сауаттандыру саласын жетілдіру, тұжырымдамасын іске асыру  бойынша құқықтық мәселелер бойынша консультациялық алаң өткізілді.  Іс-шараға мемлекеттік сот орындаушы, нотариустар, медиатор, ардагерлер қауымдастық қоғамының төрағасы, заңгерлер одағының мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

saryisu-aktsiya-25-06-18 saryisu-yarmarka-18-06-18 Іс – шараның  мақсаты — Халыққа консультациялық заң көмегін көрсету. Аудан тұрғындарына қатысушылар өздерінің салалары бойынша кеңес берді.