Ауылдық жерде нотариаттық іс-әрекет жасау

1441

2019 жылдың 20 мамырында Жамбыл аудандық Әділет басқармасының қызметкерлерінің, Қазақстанның заңгерлер одағы мүшелерінің ұйымдастыруымен,  нотариустың қатысуымен нотариаттық іс-әрекет жасау құқығы берілген ауылдық округтерінің әкімдері аппараттарының лауазымды тұлғалары арасында оқыту семинарын өткізді.

Іс-шараның мақсаты — ауылдық округтерінің әкімдері аппараттарының лауазымды тұлғаларына нотариаттық іс-әрекеттерінің кейбір түрлерін жасау тәртібін  түсіндіру.

Іс-шара барысында нотариаттық іс-әрекет жасауға уәкілетті лауазымды тұлғаларға құпияны сақтау кепілдігі, кәсіби әдеп, нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде нотариустардың құқықтары мен міндеттемелері, «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нотариаттық іс қағаздарын жүргізу және  мұрағат құжаттарын сақтау туралы түсініктемелер берілді.

Сонымен қатар, қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасу шеңберінде осы тұрғыдағы іс-шараларды тұрақты түрде өткізу туралы шешім қабылдады.

zhambyil

20 мая 2019 года сотрудниками Управления юстиции Жамбылского района, членами Казахстанского союза юристов проведен обучающий семинар среди должностных лиц аппаратов акимов сельских округов, наделенных правом совершать нотариальные действия с участием нотариуса.

Цель мероприятия — разъяснение порядка совершения нотариальных действий должностными лицами аппаратов акимов сельских округов.

В ходе мероприятия должностным лицам, уполномоченным на совершение нотариальных действий, даны разъяснения о гарантиях соблюдения тайны, профессиональной этики, прав и обязанностей нотариусов при совершении нотариальных действий, о нотариальном делопроизводстве и хранении архивных документов в соответствии с Законом Республики Казахстан «О нотариате».

Кроме того, участники поделились своими мнениями и приняли решение о регулярном проведении мероприятий в этом направлении в рамках обмена мнениями.