Қазақстан Республикасы адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Республикалық заң кеңесшілер палатасын құруды ұсыну туралы

1558212933_0_0_1500_844_1920x0_80_0_0_19e460a1b680b47d03c7888fd537a284

Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 5 шілдедегі «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңына (әрі қарай — Заң) сәйкес заң консультанттарының қызметі — заң консультанттарының жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында заң көмегін көрсету жөніндегі кәсіптік қызметі негізделініп, жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлер бір жүйеге келтірілген болатын.

Яғни, Заң консультанты жоғары заң білімі бар, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, аттестаттаудан өткен, заң консультанттары палатасының мүшесі болып табылатын және заң көмегін көрсететін жеке тұлға заң консультанты болып, заң көмегін дара кәсіпкерлік түрінде жеке практикамен айналыса отырып не дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеусіз, сондай-ақ заңды тұлғамен еңбек шарты негізінде өзі дербес көрсете алатыны және де нақты құқықтары мен міндеттері айқындалып, оның қызметін шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шартын жасасуға міндеттелген.

Бұл тұрғыда, Заң консультантының тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда сапалы әрі нақты көрсету қажет екені, тұлғалар арасында заң консультантына деген сенімнің нығаюына тікелей көзделінген.

Өз кезегінде, Заң консультанттарының қызметін бақылауды, яғни бір жүйеге келтіруде республика аумақтарында заң консультанттарының палаталары құрылып, яғни заң көмегін көрсету жөніндегі қызметті реттеу және өз мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауы бөлігінде олардың қызметін бақылау мақсатында құрылған, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізіліп, мүшелік шарттарында кемінде елу заң консультантын біріктіретін, міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым заң консультанттары палатасы болып табылады.

Бұдан өзге, республика аумағында заң консультанттарының палаталарының қызметінде бір тетікке тоғыту үшін «Қазақстан Республикасының заң консультанттары палатасын» құру және тіркеу болып, осы мақсатта «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ 2018 жылғы 13 сәуірде «Заң кеңесшілер палатасы» өңірлік қоғамдық бірлестіктерінің съезін өткізіп, съезде «Заң консультанттар палатасы» республикалық қоғамдық бірлестігін құру туралы шешім қабылданып, ол 2018 жылғы 25 мамырда тиісті мемлекеттік тіркеуден өтіп, Палаталар Жарғысының бірыңғай нысаны бекітілгеннен кейін Қазақстан Республикасы АК 45-бабына және палаталар Жарғысына сәйкес қайта құру арқылы палаталарды қайта ұйымдастыру жөніндегі шаралар жүргізіліп, тәжірибеден өткен заңгерлерді біріктірудің келесі кезеңі «Заң консультанттары палатасы» РҚБ-ны Қазақстан Республикасының заң консультанттары қауымдастығына қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру болып табылды.

2018 жылы 16 қарашада «Заң консультанттары палатасының» съезі өтіп, онда «Заң консультанттары палаталарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ретінде қайта құру туралы шешім қабылданды.

 «Заң консультанттары палатасы» республикалық қоғамдық бірлестігі «Қазақстан Республикасының заң консультанттары палаталары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі болып қайта құрылып және уәкілетті мемлекеттік органда тіркелді.

Осылайша, Ассоциацияның қалыптасу кезеңі 2019 жыл бойына өте жауапты және маңызды болып, қазіргі уақытта қауымдастық құрамында Республиканың облыстарындағы палаталар біріктірілді.

«Қазақстан Республикасының заң консультанттары палаталары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауы және атқарылатын жоспарлары нәтижесінде Атырау облысы бойынша Заң консультантары палатасы облыс аумағында тегін заң көмегін көрсетуді басты міндет етіп қойып, заң консультанттарының арасында біліктілігін көтеру бойынша өзара семинарлар өткізіліп, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылып, соның нәтижесінде біршама жұмыстар атқарылуда.

Бұдан өзге, «Қазақстан Республикасының заң консультанттары палаталары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен әрбір азамат үйден шықпай-ақ, тегін білікті заң көмегін ала алатын құралы «Е-Заң көмегі» бірыңғай ақпараттық жүйесі өз жұмысын бастады.

Қазіргі күнде Атырау облысы бойынша Заң консультантары палатасының мүшелері, заң консультанттары осы жүйеге қосылып, түлғаларға тегін заң көмегін көрсетуде.

Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасының заң консультанттары палаталары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен өңірлердегі заң консультанттары мен палаталардың қызметтері бағаланып Құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасының Құрметті заңгері, «Жылдың үздік заңгері» атақтарымен, Қазақстан Республикасының Әділет Министрінің алғыс хаттарымен, «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны және әділет органдарын дамытуда елеулі үлес қосқаны үшін» медалімен атақтарымен заң консультанттары марапатталып келеді.

 Өз кезегінде «Қазақстан Республикасының заң консультанттары палаталары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің және заң консультанттарының палаталарының жұмысын әрі қарай жандандырып көркейтуге негізделуі, бұл тұлғалардың құқықтарымен мүдделерін қорғаудағы басты қағидаларды бірі болып табылады.

Және де, «Қазақстан Республикасының заң консультанттары палаталары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұсынысы негізінде өңірдегі жоғары және арнайы оқу орындарына оқу-әдістемелік бірлестік консультативтік-кеңестік орган және заң білімін жетілдіру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, «Құқық» бағыты бойынша дайындықты жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының қызметін үйлестіру мақсатында жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілердің, қауымдастықтар өкілдерінің қатысуымен пікірмен алмасу үшін ашық алаңдар ұйымдастырылып, «Заң білімі және заң кадрлары туралы», «Кәсіби заң қауымдастықтарының білім беру бағдарламаларын аккредиттеуі», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты қамтамасыз ету» мәселелері, сондай-ақ білім беру сапасы үшін ЖОО-лардың жауапкершілігі, бейресми білімнің нәтижелері секілді мәселелер талқыланылып, «Құқық» бағыты бойынша мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру туралы ұсыныстар бұл мемлекеттік қызметтегі білікті заңгерлердің тапшылық мәселесіне ықпал етіп, мамандарды даярлау сапасы үшін жоғары оқу орындарының жауапкершілігін арттыратыны, жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының сапасына тәуелсіз кәсіби бағалау жүргізу керек, осыған орай, кәсіби заң қауымдастықтары білім беру бағдарламаларын аккредиттеу мәселесін қарастырған кезде және жоғары оқу орындары бәсекелестікке түскенде, заң қызметтері нарығының заманауи талаптарына сай келетін сапалы білім беру бағдарламалары ұсынылып келеді.

Бұдан өзге, «Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі» РҚБ-мен «Қазақстан Заңгерлер Одағы» РҚБ-нің арасында 2020 жылғы 30 қаңтарда ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, бұған «Қазақстан Республикасының заң консультанттары палаталары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бастамасымен облыстардың заң консультанттары палаталары бірлесіп жұмыс атқарып, және Атырау облысы бойынша Заң консультанттары палатасы «Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалымен, Атырау облысының Әділет Департаментімен, Атырау облыстық адвокаттар алқасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылып, соның нәтижесінде халыққа сапалы заңгерлік және құқықтық көмек көресту жұмыстары қарқынды жүргізіп келеді.

Яғни, Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 5 шілдедегі «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының қабылдануы нәтижесінде жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлердің жұмысының бір жүйеге қалыптасу кезеңінде екенінің айқын дәлелі.

Оның ішінде төтенше жағдай кезінде халықтың денсаулығы мен құқықтық мүддесін қорғау мақсатында қашықтықтан онлайн қабылдау арқылы, барлық әлеуметтік желілерде құқықтық көмектер көрсетілді. Және де, бұл осы күнге дейін жалғасын тауып келеді.

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілгелі отырған Заң нормасына Республика аумағында тек бір ғана Республикалық палата органы құрылып және оған әр облыстан бір палата болуы, сол өңірдің заң консультанттары өз облыстарына тіркелуі жөнінде өзгерістер қажет.

Себебі, қазіргі күнде Республиканың өңірлерінде әр түрлі атаумен құрылған заң консультанттарының палатары «Қазақстан Республикасының заң консультанттары палаталары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне бірікпеуі, бұл заңгерлердің сапасыз қызмет көрсетуде біршама тұлғалар арасында заң консультантына деген сенімсіздікке әкеп соқтыруда.

Осы тұрғыда, мұндай палата мүшелері өз қызметтерін дұрыс атқармауы нәтижесінде келіп түскен арыз шағымдар өз қорытындысын таппауда.

Сондықтан, мұндай палаталар өз өңірлерінде бір ғана атаумен бір палата болып, Республикалық палатаға біріктіру жұмыстары бір жүйеге келтіріліліп, тиісті заң нормасымен міндеттелуі қажет.

Аталған Заңның нормасына заң консультантының тегін әлеуметтік заң көмегін көрсету тұсында заң көмегіне ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізілу мәселесі, заң консультанттарының тәртіптік комиссиясы заң консультантына келесідей тәртіптік жазалау шараларын 1) ескерту; 2) сөгіс; 3) қатаң сөгіс; көзделген негіздер бойынша және тәртіппен заң консультанттары палатасынан шығару мәселесі де қамтылуы тиіс.

 Бұдан өзге, «Қазақстан Республикасының заң консультанттары палаталары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен әрбір азамат үйден шықпай-ақ, мүлдем тегін білікті заң көмегін ала алатын құралы «Е-Заң көмегі» бірыңғай ақпараттық жүйесі өз жұмысын бастады.

Осы жүйе арқылы заң консультанттарының қызметтерінің оңтайлануы айқын көрініп келеді.

Және де, заң консультанттарының кәсіптік жауапкершіліктері сақтандырылып, қолданысқа енгізілді.

Сонымен бірге, әр облыстан құрылған заң консультанттарының палатасының мүшелері, яғни заң консультанттары қылмыстық және әкімшілік сот істеріне, алдын ала тергеу әрекеттеріне қатысу мүмкіндігін қарастыру жөнінден бірнеше рет өз ұсыныстарын енгізіп келеді.

 «Қазақстан Республикасының заң консультанттары палаталары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің және Заң консультанттарының палаталарының жұмысын әрі қарай жандандырып көркейтуге негізделуі, бұл тұлғалардың құқықтарын қорғаудағы басты қағидаларды бірі болып табылады.

Бұдан әрі, Заң консультанттарының электронды біріңғай тізілімі енгізіліп, белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігіне және «Қазақстан Республикасының заң консультанттары палаталары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне өзгерістер мен түзетулер туралы мәліметтер жаңартылып жіберіліп отырады.

Осы тұрғыда, заң консультанттарының біріңғай тізілімі жаңартылып, біріңғай формада болып, ол сот кабинеттерінде де, басқа да ақпараттық базаларда көрініп тұру мәселесі де қамтылуы қажет.

Қорыта келе, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының заң консультантарының тұсына біршама өзгерістер мен толықтырулан қажет екені қазіргі уақыттың сұраныс екенін көруге болады.

Мубарак Нұрасыл Асылбекұлы

Атырау облысы бойынша Заң консультанттарының палатасының төрағасы, Қазақстанның Заңгерлер Одағының Атырау облыстық филиалының төрағасы